Жаңалық

Дәрі қоры құрылды

Өңірлерде дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қоры құрылды.

Дәрілік заттарға сұранысты қамтамасыз ету үшін сапалы жүйелі, сондай-ақ маңызды жедел шаралар қабылданды.

Препараттарды жоспарлау және сатып алу үшін барлық негізгі рәсімдер жеңілдетілді: дәрі-дәрмектерді сертификаттау мерзімі қысқарды және процедуралар 1 айдан 3 күнге дейін жеңілдетілді, бір жолғы әкелуге рұқсат енді бір тәулік ішінде беріледі, ал COVID-19 емдеуге арналған жаңа препараттарды тіркеу процедурасы 6 айдан 2 айға дейін жеделдетілді.

Дәріханалардағы бөлшек сауда желісіне Ресей мен Үндістаннан 6 арнайы әуерейспен 4 млн орам дәрі-дәрмек келді. Препараттардың қатарында – вирусқа қарсы және қызу түсіретін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотиктер, сондай-ақ басқа да қажетті заттар бар. Дәрі-дәрмектер өңірлердегі дәріханаларға  бөлінеді және дәрі-дәрмектерге деген қажеттілікті жабу үшін мұндай іс-шаралар үнемі ұйымдастырылатын болады.

Барлық өңірде арнайы тұрақтандыру қорлары құрылды, оның ішінде: Алматы қаласында – 5 млрд теңге, Нұр-Сұлтанда – 1,2 млрд теңге, Шымкентте – 180 млн теңге, Ақтөбе облысында-500 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында – 250 млн теңге және т. б.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button