Жаңалық

Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге қорғаныс костюмдерін жіберді

Израиль елшілігі Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жеткізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандағы Израиль елшілігінің хабарлауынша, жүктің ішінде дәрігерлерге арналған қорғаныс костюмдері бар, олар республика бойынша COVID-19 таралуын азайтуға және аурумен күресудің алдыңғы қатарында тұрған медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға көмектеседі. Гуманитарлық көмек Израильдің МАШАВ халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігінен жіберілді. «Коронавируспен күрес әлемдегі ең өзекті мәселе болып қала береді және біз үшін осы қиын уақытта достарымызға қолдау көрсету өте маңызды», – деді Израиль елшісі Лиат Вексельман. Израиль, сонымен қатар, COVID-19-ды емдеуде қазақстандық тарапқа консультациялық қолдау көрсетеді. Израильдік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен бейнеконференциялар өткізеді, оның барысында емдеу әдістері туралы тиімді тәжірибе мен пікір алмасу өтеді.

«Біз екі ел арасындағы медицина саласындағы және басқа да салалардағы тиімді қатынастарды одан әрі нығайтуға ниеттіміз», – деп атап өтті елші. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Чехия кәсіпкерлерінің Қазақстанға гуманитарлық көмек жібергені туралы жазған едік.

Nur.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button