Жаңалық

Медициналық көмек көрсету қалай өзгермек?

Тамыз айынан бастап ҚР халқына жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңімен жаңғыртылады.

Пандемия кезінде көптеген медициналық ұйым CОVID-19 қарсы күреске қатысты. Халыққа жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету уақытша тоқтатылды.

Тамыз айынан бастап республикалық клиникалардан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады.

Қазір стационарлардағы төсек-орын саны 50 пайыздан төмен болса, енді тағы 50 пайыз бейінді және жоспарлы төсек-орын ашу жоспарлануда. Әрине, тиісті дезинфекциялық өңдеуден кейін.

“Министрлік халыққа жоспарлы, соның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша жоспар жобасын әзірледі. Бұл халыққа қызмет көрсетудің бейініне және COVID-19 қарсы күреске медициналық ұйымдардың қатысу дәрежесіне байланысты жүргізіледі”, – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button