Жаңалық

Қытайда COVID-19 жұқтырғандар саны қайта арта бастады

Қытайда наурыздың басынан бері COVID-19 жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауына қарағанда, 26 шілдеде 61 адам коронавирус жұқтырған. 61 жағдайдың 57-сі ел ішінде (Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында 41 адам, Ляонин провинциясында 14 адам және Цзилинь провинциясында 2 адам), ал қалған төртеуі басқа елдерде жұқтырған. Сондай-ақ, елде 44 симптомсыз тасымалдаушы тіркелген.

 

Қытайда жалпы 83 891 адам коронавирус жұқтырған, 4 634 науқас қайтыс болған және 78 918 адам аурудан айыққан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button