Жаңалық

АҚШ вице-президенті Майкл Пенс маңызды хабарлама жасады

АҚШ-та COVID-19 вакцинасы клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өте бастады.

Майами университеті ұйымдастырған зерттеу жұмыстарына шамамен 30 мың ерікті қатыспақ. Бүгінде бұл әлем бойынша ең ауқымды зерттеу болып табылады. Шараның ерекшелігі – еріктілерге екпе ғана емес, сонымен қатар плацебо да егілетін болады. Алайда, қатысушыларға препараттың қай түрі егілгені айтылмайды.

Ғалымдардың айтуынша, зерттеудің алғашқы нәтижелері бірнеше айдан соң белгілі болмақ. Ал, жобаның жалпы құны шамамен 900 млн долларға бағаланып отыр.

Майкл Пенс, АҚШ вице-президенті: – Мамандарымыз қолдағы вакцинаға үлкен үміт артады. Болжам бойынша ағымдағы жылдың соңына қарай, не болмаса, келесі жылдың басында жаһанды жайлаған дертке дауа табылатынына сенеміз. Барлық сақтық шараларды ескере отырып, зерттеу жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Ал, еуропалық ғалымдардың коронавирусқа қарсы преппараты 2021 жылдың қаңтар айында сатылымға шығуы мүмкін.

Дәріні өндіруші Оксфорд университетінің мамандары AstraZeneca компаниясымен және итальяндық ғалымдармен күш біріктірген. Жасасқан келісімге сай екпе алдымен Италия мен Ұлыбританияға, кейін Нидерланды, Германия мен Францияға жеткізіледі. Құны 2-3 еуроға бағаланып отыр. Барлығы шамамен 30 млн доза өндірілмек. Бірінші кезекте дәрі инфекцияны ауыр көтеретін топқа жататындарға егілетін болады.

Басқа материалдар

Back to top button