Жаңалық

Рио-де-Жанейро. Жаңа жыл неге тойланбайды?

Рио-де-Жанейро әкімшілігі коронавирусқа байланысты Копакабана жағажайында жыл сайын өтетін дәстүрлі мерекеден бас тартты.

Бүгінде Бразилияда COVID-19-ды жұқтырғандар саны екі миллионнан асқан. 87 мың адам кеселден көз жұмыпты. Ал, жағажайға Жаңа жылды қарсы алу үшін кемінде үш миллион адам жиналатын көрінеді.

Билік өкілдері «жұрт саулығы үшін бұл мерекені эпидемия жағдайында өткізу қауіпті» деген шешімге келді. Дегенмен, әкімшілікте Жаңа жылды шағын форматта тойлау нұсқалары да қарастырылып жатыр. Өйткені мейрамнан толықтай бас тарту экономикаға кері әсер етуі мүмкін.

Мария Барбоса, турист: – Мұндай ауқымды шарада санитарлық норма немесе әлеуметтік қашықтық сақталады деп айта алмаймын. Сондықтан бас тарту өте орынды.

Хосе Барбоса, турист: – Әлемде пандемия аса жылдамдықпен тарап жатқаны рас. Дегенмен, мұндай мерекелерсіз,көптеп жиналған туристерсіз бұл қандай Рио болмақ?

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button