Жаңалық

Әскери-патриоттық байқау жарияланды

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға конкурс жариялайды.

Ұсынылатын жобаға қойылатын негізгі талаптар:

⠀- Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты мен әскерилердің жауынгерлік рухын көрсету;

⠀- Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, патриоттық сезімін арттыру;

⠀- Әскерге шақырылушылар бағдарлама арқылы қажетіне қарай Отан алдындағы борышын өтейтін аймағы, әскери бөлімі туралы қосымша ақпарат ала алуы тиіс;

⠀- Алдын ала пилоттық нұсқасын (қазақ тілінде) түсіріп, ұсыну керек.

⠀Өтініштер 2020 жылғы 20 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында қабылданады.

⠀Байланыс телефоны: 8 (717) 2 75 71 28.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button