Жаңалық

Еуропадағы ең мықты физик кім?

Еуропалық физика олимпиадасында павлодарлық қос оқушы алтын мен қола алды.

Қазақстан құрама командасы алғаш рет 2020 жылғы 20-26 шілде аралығында қашықтан өткізілген Еуропалық физика олимпиадасына қатысты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәлімдеуінше, Еуропалық физика олимпиадасы – бұл ғылымға, танымға және есептерді шешуге қызығушылық танытқан дарынды балаларға арналған халықаралық олимпиада. Шараға 57 елдің 250 оқушысы қатысты.

– Қазақстан командасы құрамында 5 оқушы – 2019 жылғы физика пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, еліміздің олимпиадалық резерв мүшелері қатысты. Онын ішінде Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Коблан Мирас (11-сынып) және Драганчук Антон (10-сынып) өңір намысын қорғады, – дейді орталықта.

Зияткерлік жарыс қорытындысы бойынша Драганчук Антон күміс медальді жеңіп алса, Коблан Мирас қола медальді еншіледі. Мұғалімдері – Билида Анатолий Николаевич.

Басқа материалдар

Back to top button