Жаңалық

Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың ішінде жазылып шыққандардың үлесі 67,5 пайызға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда КВИ індетін жұқтыру бойынша жағдай тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді сандар туралы айтайын. Мен осынау көп ақпаратқа бас қатырмай, қысқаша ғана жеткізуге тырысайын. Бүгінгі таңда республикада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 92 262 жағдайы тіркелді. Иә, бұл сан үрей тудыруы да мүмкін. Алайда олардың 67 пайыздан астамы аурудан сауығып шықты. Мұндай жағымды көрсеткіштер баяу болса да өсіп келеді. Жағдай Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қостанай, Ақмола және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ астанада оңалып келеді», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Осы сандарды келтіре келе Алексей Цой Қазақстанда КВИ індетін жұқтыру бойынша жағдай тұрақталғанын жеткізді. «Өздеріңідер байқап отырған боларсыздар. Шарықтау шегінен өттік. Біздің міндетіміз – бүкіл адамдар үшін, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін өте қиын сынақпен келген осы позицияны ұстап қалу», – деді ол.

KazInform

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button