Жаңалық

Тағы бір көлді бүлдіріп үлгердік

Көлдеріміздің экологиялық мәселесі уақыт өткен сайын күрделеніп барады.

Жеріміз тауға да, жартасқа да, өзен-көлге де бай мемлекет. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қалалық әкімдігінің аумағына кіретін – Подбелковое (Радоновое) көлі туралы айталық. Көл Иванов жотасының ең биік нүктесі – Вышеивановский Белок етегінде, теңіз деңгейінен 1906, 5 метр биіктікте орналасқан. Көлге ең жақын орналасқан елді мекендер: Риддер қаласы(батысқа қарай 24 км), Поперечное ауылы (солтүстікке қарай 10 км) және Грей-Луг елді мекені (солтүстік-шығыстан 6 км).

Енді қызықты қараңыз. Кейбір тұрғындар табиғатымыздың ғажайып інжу-маржандарын өздері қолдан жоюда. Аталған көлге соңғы айда қайықтар, көліктер және мотоциклдер көп келіп, соның салдарынан табиғи сұлулығымыздың көркі бұзылып жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желілердегі оқырмандар жаза бастады. Қысқасы, жергілікті тұрғындардың сөзінше, келуші туристер бірегей су қоймасының қадірін қашырып үлгерген. Осылайша табиғи байлығымыз экологиялық тұрғыда апатты жағдайға ілігіп отыр.

Табиғатымен талайларды тамсандырып, Алтай жерінде етек жайған осынау мөлдір көлдің келешегі енді не болмақ? Мұндай мәдениетсіздікті қалай реттеуге болады? Көбейтұздың басына туған жағдай қайталанып жүрмей ме?

Басқа материалдар

Back to top button