Жаңалық

Азаматтық хал актілері жазбаларын қалай жояды?

Қызметті алу үшін алдымен авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.

Қызметті онлайн алу
1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
2. Өтінімді толтыру.
3. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті) қол қою.
4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

Акт жазбаны жою үшін:
1. Акт жазбасының күшін жою туралы өтініш.
2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
3. Жойылуға жататын акт жазбасы негізінде берілген куәліктер (болған жағдайда).
4. Азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою қажеттілігін растайтын құжат (бар болса).
5. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы:​
1. Сот шешімі негізінде акт жазбасының күшін жою туралы өтініш.
2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).
3. Күші жойылуға жататын акт жазбасын көрсете отырып, соттың күшін жою туралы, акт жазбасын анықтау не мемлекеттік тіркеу туралы бұрын шығарылған сот шешімінің күшін жою туралы, акт жазбасын жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтер.

Толық мәліметті көру үшін

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button