Жаңалық

Еуропаның ең мықты физигі кім?

Семейлік оқушы еуро-олимпиададан алтын медаль иеленді

Семей қаласындағы лицей оқушысы Қазақстанның қоржынына алтын медаль әкелді.

ҚР Ұлттық құрамасы алғаш рет Еуропалық физикалық олимпиадаға қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Еуропалық физикалық олимпиада – бұл 2017 жылдан бастап Азиялық және Иберо-американдық физикалық олимпиадалардың үлгісі бойынша өткізілетін жыл сайынғы зияткерлік сайыс.

Оған әлемнің барлық елдерінен 20 жастан аспаған дарынды балалары қатысады. Биылғы жылы олимпиада 20-26 шілде аралығында онлайн режимде өтті. Әлемнің 57 елінен 250 оқушы қатысты. Оның ішінде алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасы болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша ҚР құрамасы бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Осылайша Семей қаласындағы облыстық мамандандырылған “Білім – инновация” лицейінің оқушысы Расул Мағауин алтын жүлдеге ие болды.

ШҚО Білім басқармасының хабарлауынша, Расул – ҚР Ұлттық олимпиадалық құрамасының мүшесі, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері: Азия олимпиадасы, Жәутіков олимпиадасы – 2018, 2019, 2020 жж., жасөспірімдер олимпиадасы, “Туймаада – 2018” оқушылар олимпиадасы және республикалық: республикалық оқушылар олимпиадасы – 2017, 2018, 2019 жж. 2019 жылы Расул Елбасымен кездесуге шақырылды, онда ол “Ел мақтанышы” сыйлығына ие болды.

Расул – Шығыс Қазақстан облысын және біздің елімізді халықаралық аренада өзінің жетістіктерімен лайықты таныстыратын және дәріптейтін біздің облыстың мақтанышы, – деп хабарлады ШҚО Білім басқармасы. – Жеңімпазды, оның ата-анасын, мұғалімдер мен тәлімгерлерді құттықтаймыз!

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button