Жаңалық

Жас суретшілердің салған суреттері көпшілікке ой салды (видео)

Алматылық жас суретшілер қоғамның назарын жануарларды қорғауға аударғысы келеді.

Бірнеше айдан бері өтіп жатқан «Жануарлар менің досым» байқауының басты мақсаты да осы. «Жануарлар менің досым» байқауының ең жас қатысушысы – Таймас Байдаралы. Ол ен даланың еркесі киіктерді жақсы көретінін айтады. Олардың қайда мекендеп, немен қоректенетінінен түгел хабардар. Бірақ бала көңіл киіктерді қынадай қырған браконьерлердің әрекеттеріне қынжылады.

Таймас Байдаралы, байқау қатысушысы:
-Бұл – киік. Мына аға – ол киік қорғаушы. Осындай киіктер Қазақстанда, Моңғолияда тұрады. Мекендейді. Осы ағайдың аты – Ерлан Нұрғали. Ол киік қорғаушы болған. Байқауға 6 мен 17 жас аралығындағы балалар қатысуда. Төрт мыңнан астам жұмыс түскен. Кейбіреулері картина жазудың қас шебері болса, кейбіреулерінің бұл салаға енді қадам басқаны байқалып тұр. Бірақ барлығының мақсаты бір. Олар «браконьерліктің тамырына балта шабылып, орман өрттерін азайтып, қолдағы жануарларға дұрыс жағдай жасалса екен», дейді.

Мөлдір Бекжан, қоғамдық қор директоры:
– Осы байқау арқылы бұл жәйт тек үлкендерді ғана емес, балаларды да толғандыратынын көрсеткіміз келеді. Қазіргі уақытта Мәжілісте жануарларға қатыгездікпен қарағандарға жауапкершілікті күшейту мәселесі көтеріліп жатыр. Сондықтан біздің осы байқауға қатысқан әрбір баланың дауысы маңызды.

Жеңімпаз атанған 15 бала Венаға жолдама алады. Үздік авторлардың жұмыстарының көрмесі Еуропа төрінде өтеді. Ұйымдастырушылар биыл экология тақырыбына арнап байқау өткізуді деп жоспарлап отыр. Авторлары: Ұлан Нарынбек, Анастасия Вылегжанина, Валентин Лобанов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button