Жаңалық

TikTok қосымшасының қызметіне тыйым салынды

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні TikTok пен WeChat қосымшаларын елде қолдануға тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Шектеу 45 күн ішінде күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

TikTok қосымшасына қатысты бұйрық 45 күннен кейін бағдарламаға иелік ететін «ByteDance Ltd» қытайлық компаниясымен кез-келген келісім жасауға да тыйым салады.

Өткен жұмада Трамп АҚШ-та TikTok қосымшасының қызметін тоқтататынын айтқан болатын. Сондықтан, жарлыққа қол қою тек компанияның танымал қосымшасынан бөлек, компанияның тікелей өзіне деген қысымды арттырды.

Microsoft жексенбі күні «ByteDance Ltd» компаниясымен қосымшаны сатып алу туралы келіссөз басталғанын мәлім еткен. Ал дүйсенбіде президент Трамп TikTok бағдарламасын АҚШ 15-қыркүйекке дейін сатып алуы керек, олай жасамаған жағдайда, оның қолдану тоқтатылады деді.

Трамп қол қойған құжатта TikTok америкалықтардың жеке және құпия мәліметіне қауіп төндіреді, ол тұтынушылардың орналасқан жері туралы мәліметі және пайдаланушы туралы ақпаратты автоматты түрде жинайды делінген.

TikTok қосымшасына қатысты бұйрық шыққаннан кейін көп ұзамай президент Трамп WeChat және Tencent қытайлық компаниясының бағдарламасына да дәл осындай шектеу қойды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button