Жаңалық

Әлемге танымал бренд Абайға арналған жейделерді шығарды

Ұлы ойшылдың мерейтойына арналған бастамаға сәйкес Абайдың бейнесі бар 4 мың футболка шығарылды.

LC Waikiki компаниясы өкілдерінің айтуынша, соңғы кезде Қазақстанда ұлттық нақыштағы киімдерге, қазақтың ою-өрнектері бейнеленген жейделерге сұраныс артқан. Сондай-ақ, Абайдың қара сөздері мен ұлы ойшылдың суреті салынған футболкаларға да қызығушылық жоғары.

«2020 жыл Қазақ халқының ұлы ақыны, философы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының құрметіне орай «Абай жылы» болып жарияланды. LC Waikiki компаниясы ретінде осындай ерекше жылда халықтың санасын жаңғыртуға бағытталған жобаларға біз де өз үлесімізді қосқымыз келді. Осы іспеттес іс-шараларды әрдайым қолдайтынымызды атап өткіміз келеді, – деді «LC Waikiki Kazakhstan» компаниясының бас директоры Сердар Башак.

«Абай 175» футболкалар коллекциясы LC Waikiki мен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының арасындағы меморандумның нәтижесінде жүзеге асты.

Абайдың суреті бейнеленген футболкаларды LC Waikiki онлайн дүкені арқылы тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ сауда орталықтары ашылған соң LC Waikiki желісінің еліміздегі барлық дүкендерінде сатылымға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар тұңғыш рет 10 тамызда Абай күнін атап өткен болатын. Пандемияға байланысты барлық шаралар онлайн форматта өтті. Дегенмен бұл халықтың Ұлы ойшылдың асыл мұрасына құрмет көрсетіп, Абайдың қара сөздеріне жаңаша көзқараспен қарауына кедергі бола алмады.

Басқа материалдар

Back to top button