Жаңалық

Ұлы ойшылдың мерейтойына арналған іс-шаралар жалғасуда

Әл-Фараби мұрасы − әлемдік өркениеттің меншігі. Ол көптеген ғылыми салаларды қамтитын бай ғылыми мұра қалдырды. Биыл елімізде Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтілуде.

Солардың бірі − 2020 жылдың 5 және 10 тамыз аралығында Тереңкөл ауданының мектеп оқушылары мен Оқушылар үйі тәрбиеленушілері арасында ұлы ойшылдың шығармаларын оқуға арналған «Әл-Фарабидің нұсқауы» аудандық байқауы. Аталмыш байқаудың мақсаты − Әл-Фарабидің әдеби мұрасына қызығушылықты дамыту үшін жағдай жасау, өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

Байқаудың ережесі бойынша қатысушылар ойшылдың бір шығармасынан үзіндіні оқып, бейнероликті әділ қазылар алқасына жіберулері қажет. Ұйымдастырушылар барлық жұмысты Оқушылар үйінің инстаграм парақшасында жариялады.

Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Оқушылар үйі» МҚКМ тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Роза Гельметдинованың айтуынша:

– Байқауда 17 оқушы бақ сынады. Бағалау кезінде шығарманың мәтінін таңдау, сөйлеу сауаттылығы, әртістік, орындау шеберлігі ескерілді.

Байқаудың қорытындысы бойынша Гран-при иегері №1 Песчан ЖОББМ оқушысы Аружан Жакеева атанса, І орынды Береговой ЖОББМ оқушысы Айжан Байльдинова мен № 1 Песчан ЖОББМ оқушысы Аяжан Аспандияр қанжығаларына байлады. ІІ орын Трофимовка ЖОББМ оқушысы Жанель Баженова мен Береговой ЖОББМ оқушысы Эльдар Жантимировке бұйырды, ал ІІІ орынды 3 оқушы, Оқушылар үйі хореографиялық үйірмесінің оқушысы Дарья Шпанадель, Қызылтан ЖОББМ оқушысы Құндыз Мұсабекова және Береговое мектебінің оқушысы Регина Опарина иеленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың рухани дамуына әсер етіп, қатысушылардың ұлы тұлғалар туралы білімдерін кеңейтеді.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button