Жаңалық

«Асық ату» ойыны пән бола ала ма?

Май ауданының жастары арасында «Асық атудан» аудандық турнир өтті

 Асық ату – ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеуге және ұлттық мәдениет пен өнерге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бұл жай ойын емес, дәлдік пен көшбасшылық қабілеттерді дамытатын спорт. Бүгінгі таңда жас ұрпақ арасында ұлттық ойындарға деген қызығушылық артып келеді.

13 тамызда «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Май ауданы жастарының арасында қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» бойынша онлайн-турнир ұйымдастырылды.

Асық ату ойынының мәні − асықпен белгілі бір қашықтықта қатарға тізілген бір немесе бірнеше асықты соғу, қатардағы құлатқан асықтар ойыншының меншігіне айналады.

«Армандастар» жастар орталығының жастар саясаты жөніндегі инспекторы Айжан Шакированың айтуынша, карантин режиміне байланысты қатысушылар саны шектеулі болған. Турнир бірнеше футбол алаңдарында өтті, онда санитарлық нормаларды сақтап, 3-4 адам қатысты. Аталмыш турнирдің тікелей эфирі ZOOM платформасында өтті.

Одан әрі турнир барысында слет қатысушылары халық шығармашылығы мен қазақ мәдениетінің дәстүрлерін жаңғырту мен дамытуды насихаттау бойынша викторинаға қатысты. Балалар өздері үшін көптеген жаңа және қызықты ақпаратпен танысты, өйткені слетке қатысушылар негізінен орта мектеп оқушылары мен студенттер.

Турнир нәтижесі бойынша Ерасыл Ырымбек 1-орынды иеленсе, Ералы Ырымбек 2-орын және Ұлағат Есен 3-орынды қанжығасына байлады. Турнир соңында қатысушылар жүлделі кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button