Жаңалық

Егін орудың 2 әдісін білесіз бе? (видео)

Егістікті даярлау және егін жинау технологиясы

Егін жинау – ауыл шаруашылығы дақылдарын ысырапсыз тез, қолайлы да қысқа мерзімде жинау, қоймаға тасымалдау, сақтауға не сатуға әзірлеу жұмыстары.

Егін жинаудың екі әдісі бар:
1) комбайнмен тікелей ору;
2) бөлектеп ору.

Бөлектеп ору әдісі екі не үш сатыдан тұрады. Бұл әдіс бойынша егін жаткамен орылып, дестеге салынады. Бұдан соң салынған десте жинағышы бар комбайнмен жиналып бастырылады. Егіннің ерте не кеш пісуі басқа да талаптармен (топырақ құрамы, ауа райының жағдайлары, т.б.) қатар дақыл сорттарының биология ерекшеліктеріне де байланысты.

Мысалы, Қазақстанның тың игерген облыстарында қуаң жылдары егін 13-15 тамызда, ал жауын-шашыны көп жылдары 10-15 қыркүйекте піседі. Осыған орай республикамыздың егіні өте кеш пісетін солтүстік облыстарында егін жинаудың бөлектеп ору әдісі көбірек қолданылады.

Бұл әдістен басқа Егін жинаудың ростовтық және ипатовтық әдістері кеңінен пайдаланылады. Мұнда астық тиейтін жүк машиналары егін орып жүрген әрбір комбайнға бекітіліп беріледі.

Басқа материалдар

Back to top button