Жаңалық

Шымкентте мәтінсіз кітап жарық көрді

Мәтінсіз кітаптың тұсау кесері Англияда өтетін болады.

Интерактивті оқулық «Шымкент» деп аталады. Кітапта көне шаһардың тарихы мен даму жолындағы хронологиялық кезең толығымен қамтылған. Цитадель, Қошқар ата өзені, Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелері секілді киелі орындар, қаланың саябақтары, даталы күндерде өткен маңызды шаралар енгізілген.

 

Сондай-ақ, Әл-Фараби, Абай мен Шәмші Қалдаяқов сияқты қазақтың қайталанбас тұлғаларының өмірін де осы кітаптан тыңдай аласыз. Шымкент жайлы кітаптағы ақпараттарды аудиомен тыңдай аласыз.

 

Интерактивті оқулық 50 беттен тұрады. Әзірге кітаптың 10 данасы шығарылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button