Жаңалық

Шашбау тағу челленджі басталды (видео)

Қазақтың ұл-қызды тәрбиелеудегі даналығы мен мәдениетіне байыптап қарасақ, кішкентай ғана дүниенің арғы жағында үлкен мағына жатқанын байқаймыз.

Кезінде нәзік жандының барлығы дерлік қолаң шашқа сән беріп, оюланған шашбау таққан. Бұл әшекейлер сол заманғы қыз атаулының символы іспеттес. Шашбау қыз баласын сабырлылыққа үйрететін құрал.

 

Қыз баласының мінез-құлқы осы шашбауының сыңғырынан білінген екен. Сондықтан да қыздар шолпысының сыңғырын бәсеңдету үшін сыпайы ғана жүріп-тұрған.

 

Осы дәстүрді жаңғырту мақсатында Жамбыл облысының «Рухани жанғыру» жобалық кеңсесі «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасы аясында шашбау тағу челленджін ұйымдастырды. Негізгі мақсаты – ұлттық зергерлік бұйымды трендтке айналдыруға бағытталған.

 

Аталмыш челленджді актриса Анара Батырхан, әнші Алтынай Жорабаева,   жамбылдық журналист Маржан Рақайға және Нұрсұлтан қалалық, Түркістан облыстық, Алматы қалалық жобалық офистегі әріптестеріне жолдады.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button