Жаңалық

1,5 тонна қымыз таратылды

1,5 тоннадан астам қымыз Жамбыл облысындағы ауруханаларға тегін таратылды

Жамбыл облысының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі пандемияның алдын алу мақсатында «Қымызмұрындық» дәстүрін ұйымдастырды.

Қала аумағына қарасты ауруханаларда әлемді жайлаған індетпен күресіп жатқан 100 науқасқа 100 литр қымыз жеткізілді. Осылайша жобалық кеңсе қызметкерлері аймақтағы ахуалға бей-жай қарамай, тамшыдай болса да үлес қосты. Сонымен қатар, танымал блогер Мөлдір Анарбаева, кәсіпкер Меруерт Лештаева игі іске атсалысты.

Еске сала кетейік, тараздық қос азаматша ауруханада өмір мен өлімнің ортасында күресіп жүрген дәрігерлер мен сырқаттанған жандарға ыстық тамақ жеткізуді қолға алды. Таразда бастау алған аталмыш шара мен «Қымызмұрындық» дәстүрін аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселері де жалғастырды. Қорыта айтқанда, облыс бойынша жалпы 1,5 тоннадан астам қымыз ауруханаларға тегін үлестірілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button