Жаңалық

Әл-Фараби туралы мультфильм жарық көрді (видео)

Қала әкімдігінің тапсырмасымен жарыққа шыққан туынды өскелең ұрпақты елжандылыққа баулып, білімді болуға шақырады.

«Шымкентте «Көне құмыраның сыры» атты анимациялық фильмнің екінші бөлімінің тұсау кесер рәсімі өткен болатын», – деп хабарлайды Ruh.kz

Фильмнің сценарийін елімізге танымал аниматор Батырхан Дәуренбеков жазып шыққан. Сонымен қатар ол анимациялық туындының режиссері де болып табылады. Ал продюсері – Нуриддин Паттеев, композиторы – Руслан Шынықұлов, қоюшы суретшісі – Самат Нұралиев.

Биыл елімізде Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Туындының мазмұны осы айтулы күндермен тығыз сабақтастық тапқан. Яғни «Көне Құмыраның сыры-2» анимациялық фильмінде Әл-Фараби, Абай сынды Ұлы тұлғалар дәріптеліп, мемлекеттік рәміздеріміз насихатталған.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button