Жаңалық

#Нұрғиса95 эстафетасы басталды

Ruh.kz порталы қазақтың әйгілі күйшісі, КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған автор күйлерін орындау эстафетасын бастайды.

Эстафетаны Халықаралық конкурстардың лауреаты Сайырхан Ертіс, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Мұрагер Сауранбаев, Бағылан Абдрайымов, Ердос Қанаев және халықаралық конкурстардың лауреаты Жәнібек Қазбекұлына жолдайды.

Эстафета барысы Ruh.kz порталында, оның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында хабарланып отырады. Назарларыңызда Сайырхан Ертістің орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Жекпе-жек».

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button