Жаңалық

Абай есімі берілген ғимараттар

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі Атырауда бой көтерген оқушылар мен жастар сарайына беріледі

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бұған дейін дана Абайдың есімі 5 мектеп пен 28 көшеге берілген.

«Енді биылғы 175 жылдық мерейтойы аясында ақын есімін оқушылар мен жастар сарайына беру ұсынылып отыр. Аталған сарайдың алдына дара ойшылдың ескерткішін орнату жоспарда бар» -деді облыстық мәслихаттың сессиясында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда дүниеге келген сәбиге Абай есімі берілген еді.

inform.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button