Жаңалық

Жастарда талғам бар ма?

“Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың төрағалығымен өткен онлайн форматтағы жұмыс кеңесі “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын басшылыққа алды.

Кеңеске  әкімдіктердің, Бағдарламаның өңірлік жобалық кеңселерінің және “Рухани жаңғыру” қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында “Рухани жаңғыру” бағдарламасының іс-шараларын онлайн форматта өткізу, өңірлік жобалық кеңселер және Қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметі мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда Бағдарламаның негізгі іс-шаралары мен жобалары 2020 жылға арналған “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылуда.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазіргі уақытта іс-шаралар онлайн форматта өткізілуде.

Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында бірнеше бағыт бойынша жұмыстар назарға алынады: “Рухани жаңғыру” бағдарламасының негізгі мақсатты аудиториясы – жастар арасында жоғары талғамды қалыптастыру (мінез-құлықта, мәдениетте, музыкада, кинода және т.б.). Ел Президенті нақты белгілеген бағыт – халық арасында, соның ішінде жастар арасында экологиялық тәрбиені қолға алып, тиісті мәдениетті қалыптастыру мен жастар арасында кітап оқу мәдениетіне байланысты бағытта нақты іс-шараларды жүзеге асыру, яғни, жастарды кітап оқуға баулу қажет.

Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button