Жаңалық

Оқушыларға 110 планшет сыйлаған кім?

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Білім-Инновация» лицейлерінің ата-аналары мен түлектері «Біз біргеміз!» акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап, 110 планшетті оқушыларға сыйға тартты.

Бұл жайында облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Еліміздегі эпидемиялық ахуалға байланысты бүгінгі таңда мектеп оқушыларын қашықтан оқыту маңызды. Дегенмен, ол үшін компьютерлер мен ноутбуктар, смартфондар мен планшеттер қажет. «Білім-Инновация» лицейлері су тасқынынан зардап шеккен және аз қамтылған отбасылардың балаларына планшет табыстады.

«Елімізде қандай қиын жағдай болмасын, ұрпағымызға сапалы білім беруді жалғастыруға тиіспіз. Бұл – мемлекетіміздің болашағы үшін өте өзекті. Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық оқушылардың білім алуына жағдай жасап, үлкен көмек беріп жатқан «Білім-Инновация» қоры мен лицейлеріне аудан жұртшылығы атынан ризашылығымды білдіремін!», – дейді аудан әкімі Бақыт Асанов.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық шарасы «Білім-Инновация» қоры мен лицейлері жүзеге асырған жалғыз игілікті іс емес. Бұған дейін қор 100 оттегі концентратын еліміздің барлық аймағындағы облыстық ауруханаларға жеткізген болатын.

Басқа материалдар

Back to top button