Жаңалық

Айгерім Абжалиева: «Польшада оқу қаражат жағынан өте қолжетімді»

Ruh.kz порталы шетелдегі қазақтармен байланыс орнатып, сол жақтың мәдениеті мен білім-ғылымын отандастарымызға таныстыратын «Алыстағы ағайын» жобасы аясында 27 тамыз күні сағат 17:00-де Zoom желісі арқылы Еуропа құрлығымен тікелей эфирге шығып, сұқбаттасқан болатын.

Эфирдің кейіпкері – Айгерім Абжалиева қазіргі таңда Польша елінің Краков қаласында тұрады. Сонда білім, бүгінде ірі американдық корпорацияда AR аналитик мамандығы бойынша қызмет атқарады. Бос уақытында габелен тоқу, қолөнермен айналысу, ши тоқу, спортпен шұғылдану және кітап оқығанды ұнатады. Айтуынша, студенттік кезде 1 аптада ағылшын 3 роман бітірген және шет тілінде қара өлең де жазған.

Айгерім Абжалиева:

«Польша – өзіндік этникалық ерекшелігі бар, Еуропаның қақ ортасында орналасқан жеке мемлекет. Халқы өте қарапайым, толерантты және жаңашыл. Поляк халқын өте досшыл дер едім. Өзге ұлт өкілдеріне менсінбеушілікпен қарамайды, дінмен, нәсілмен ешкімді кемсітпейді. Қолдары ашық, керек кезде көмек қолын созады. Ұлттық және діни мерекелері көп. Дінді қатаң ұстанады. Кинотеатрлардан гөрі, театрларға көбірек барып, рухани азық алады».

Эфир барысында Еуропадағы білім жүйесі, батыс мәдениеті мен тарихы, ондағы күнделікті тұрмыс-тіршілік, шетелде жалғыз жүргенде адамға ең керекті қасиеттер мен спикердің Польшадағы өмірі жайлы және ондағы пандемия жағдайы, сондай-ақ алдыға арман-мақсат қойып, сол шыңға жетуге ұмтылу жайында кеңінен талқыланды.

 

Басқа материалдар

Back to top button