Жаңалық

«GYLYM TALKS» жобасы жайлы естіп пе едіңіз?

ҚР БҒМ Ғылым комитеті отандық ғылымды дәріптейтін «GYLYM TALKS» жобасын жалғастырады

Жоба 18 тамызда американдық-қазақстандық биолог-ғалым Дос Сарбасовтың қатысуымен бастау алған болатын. Бұл эфир facebook желісінде үш мыңға жуық көрсетілімді қамтыды.
27 тамызда сағат 17.00-де өтетін «GYLYM TALKS»-тың бейсенбі күнгі қонағы – Назарбаев Университетінің әлеуметтану және антропология кафедрасының доценті Алима Бисенова.

Ол қалалық антропология, ислам антропологиясы, интеллектуалды тарих, отаршылдықтан кейінгі кезең мәселелерін зерттеумен айналысады. Эфир барысында Алима өзінің кеңестік және қазақстандық ғылым тарихы туралы зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Кездесу Zoom платформасында (сұрақ қоямын деушілерге) өткізілді және facebook желісінде көрсетілді.

https://www.facebook.com/committeenaukakz/

Басқа материалдар

Back to top button