Жаңалық

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін кімдер алды?

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға қатысты.

Аймақ басшысы еліміздің қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өмірінде Ассамблея орнының ерекше екенін айтып өтті.

«ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының негізінде еліміздегі этносаралық үйлесімділік әлемнің басқа елдеріне үлгі болды. Халқымызда «Бірлік түбі – береке» деген дана сөз бар. Біздің барлық қол жеткізген жетістігіміз бен табысымыз бірлік пен татулықтың арқасында»,-деді облыс әкімі.

Өңір басшысы «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» РҚБ Ақтөбе филиалы төрағасының орынбасары Галина Ажгалиеваға,
«Ақтөбе облыстық «Шатлык» татар – башқұрт орталығы» ҚБ мүшесі Акчурин Рафик, «Дагестан» Ақтөбе облысы Дағыстандықтардың ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ мүшесі Магомедрасул Багдунов, «Возрождение» Ақтөбе облысы немістерінің қоғамы» ҚБ мүшесі Инна Волошина, «Славян» Ақтөбе аймақтық орталығы» ҚБ төрағасы Владимир Гуменный сынды т.б әртүрлі ұлт өкілдерінің қауымдастық төрағалары мен орталықтардың мүшелеріне жалпы саны 38 азаматты «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттап, өңірдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтауға қосқан үлестері мен еңбектері үшін алғыс білдірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты. Айтып өтейк, Ақтөбе облысында бүгінде 90-нан астам түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button