Жаңалық

Ұлы дала әуендері насихатталады

ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай Ruh.kz ақпараттық-танымдық порталы 31 тамыз күні сағат 18:00-де ZOOM желісі арқылы жас күйшілер мен жыршылардың қатысуымен «Ұлы дала әуендері» атты тікелей эфирде мерекелік іс-шарасын ұсынады.

Шараның мақсаты – атаулы күннің әлеуетін әлеумет арасында насихаттау. Пандемия жағдайында жұртшылыққа дәстүрлі күй-жыр өнерін паш ету.

 

Кеште Рүстем Нұркенов, Марат Камаратдинұлы, Жігер Бертісов, Нұрлыбек Манапов сынды күйшілер мен Аяжан Шынберген, Нұрайым Ерталапқызы сияқты жыршы қыздар өнер көрсетеді.

 

Эфирдің бейнежазбасын оқырман қауым порталда, оның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тамашалай алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button