Жаңалық

Ыбырай әңгімелері аудио форматта жарық көрді

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Ыбырай Алтынсары, Жүсіпбек Аймауытұлы, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгірұлы секілді қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шағын әңгімелерін аудиоформатта ұсынып отыр.

Жоба жетекшісі, Ruh.kz порталының Бас редакторы Азамат Байғалиұлының айтуынша, жаңа форматта жарық көрген шығармалар қазіргі уақытта үлкен маңызға ие болып отыр:

– Әр түрлі оқиғалардың куәгері болып жүрміз. Әсіресе адамдардың бір-біріне қатігездік, қиянат жасап жататын жағдайлары аз емес. Ал, әдебиет – ардың ісі, тәрбие мәселесінде маңызды рөл атқаратын білесіздер. Сондықтан да обал-сауап, адамды сүю, құрметтеу, өмірге деген сенім мен құштарлықты арттырып, қоғамды еңбекке баулуға шақыратын шығармаларды аудионұсқада ұсынуды жөн көрдік, – деді А.Байғалиұлы.

Шығармаларды Қазақ Радиосының ардагері, ҚР мәдениет қайраткері Аманжан Еңсебайұлы дыбыстаған. Оларды порталдың YouTube желісіндегі арнасынан тамашалап тыңдауға болады.

Аудио жазбаларды жыл соңына дейін еліміздегі ЖОО-на, жалпы білім беретін орта мектептерге тарату жоспарланған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button