Жаңалық

Батыс Қазақстанда солдаттардың сүйегін іздеу жұмыстары басталмақ

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Кеңес Одағының батыры «Мәншүк Маметова» атындағы іздеу тобымен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысы аумағында археологиялық қазба жұмыстарын бастайды.

Қазба жұмыстары 1-14 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында өтеді (Бөкей ордасы ауданы, Сайхин ауылы, Равнинная станциясы).

Кеңес Одағының батыры «Мәншүк Маметова» атындағы іздеу тобынан Сайхин ауылы маңында Тынық мұхиты теңіз флотының 38 жаяу жауынгерлерінің 17-нің сүйектері табылды деген ақпарат келді. Олар 1942 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысының аумағына әскер бөлімдерін орналасуы барысында қаза болған. Іздеу жұмыстары толықтай орындалмаған. Із-түссіз болып есептелетін, сүйектері табылмаған солдаттар әлі де көп.

Сондықтан 14 күнге созылатын археологиялық жұмыстарды өткізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының және Украинаның елшіліктеріне сол мемлекеттердің аумағынан соғысқа кеткен солдаттардың сүйектерін іздеу жұмыстары туралы хабарландыру жіберілді.

Осы орайда «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі БАҚ өкілдерін баспасөз турына қатысуды ұсынады.

Өтетін күні: 3 қыркүйек

Өтетін уақыты: 10.00

Өтетін орны: Сайхин ауылы (Орал қаласы, облыстық әкімдіктің ғимараты алдында жиналу)

Аккредитация үшін: +7 777 356 37 92

___________________________________________________

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың мамыр айында құрылған. Екінші дүниежүзілік соғыста із-түссіз кеткен қазақстанжық солдаттарды жүйелі түрде іздеумен айналысатын еліміздегі жалғыз ұйым. «Atamnyn Amanaty» алдына қойған мақсаттары: қазақстандық солдаттар жерленген жерлерді іздеу жұмыстарын ұйымдастыру; керекті құжаттарға аттарын жазып, аттарын мәңгі есте қалдыру; қоғамдағы азаматтық және патриоттық сананың деңгейін көтеру.

Соғыста із-түссіз кеткен жақындарыңыз болса, астында берілген байланыс телефондарына хабарлассаңыз болады:

+7 776 828 45 35

+7 776 828 45 34

Байланыс телефондары:

Пошта: ata.amanaty@gmail.com

Instagram: @ata.amanaty

Facebook: Atamnyn Amanaty, Долгая дорога домой

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button