Жаңалық

3 мыңнан астам көшетті отырғызған кім?

Таушық ауылының кіреберісіне 80 түп шыбық көшет күйінде отырғызылды.

Бұл туралы Таушық ауылының әкімі Шалқыбай Әзірбаев мәлім етті.

«Таушық ауылына кіреберіс жолдың шетіне көлемі 100х16 метр аумақ қоршалып, 80 түп шыбық көшет күйінде отырғызылып, толықтай күтімге алынды.

Бұл жұмыстар бюджеттен ауылды көгалдандыру-абаттандырылуына бөлінген қаражаттан үнемделген 750 мың теңге қаржыға жүргізілді. Таушық ауылында 8 жылдан бері әр жылда бос жатқан жерлерді қоршап, тал егу жұмысы дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда 8 жерге 460 түп ағаш отырғызылып, ауыл көркін келтіріп тұр. Жоғарыда атап көрсеткен жұмыс осы дәстүрлі жұмыстың жалғасы. Мұны жыл сайын жалғаcтыра береміз», – деді Әзірбаев Шалқыбай

 

Маңғыстау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button