Жаңалық

80 отбасы жаңа пәтер алды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай, Түпқараған ауданында 80 пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Ruh.kz порталы.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Форт-Шевченко қаласында сатып алу құқығынсыз жалдамалы 80 пәтердің кілті табысталды. Түпқараған ауданы әкімдігіне 2007-2014 жылдар аралығында тіркеуде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, көп балалы отбасылар). баспаналы болды.

«Халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-тіршілігін жақсарту мемлекет басшысының жіті назарында. Сондықтан елімізде әлеуметтік жаңғыру жолында ауқымды қадам жасалып келеді. Бес әлеуметтік бастама-бағдарламасының алғашқы тармағында – «әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» қажеттігіне баса назар аударылған. Жыл соңына дейін тағы бірнеше тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз», – деді аудан әкімі Айбек Қосуақов.

Мемлекеттік бағдарлама аясында ауданда 3 тұрғын үй бой көтерді. Оның ішінде Форт-Шевченко қаласының іргесіндегі Жаңакетік шағынауданында 16 пәтерлі бір тұрғын үй және 48 пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Форт-Шевченко қаласында 16 пәтерлі тағы бір тұрғын үй салынды.

Басқа материалдар

Back to top button