Жаңалық

Құрық ауылы бір жылда қалай өзгерді?

Құрық ауылында оқу-жаттығу алаңы пайдалануға берілді.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен және «Орталық Азия Еуразия Қорының» ұйымдастыруымен 2019 жылдың қараша айынан бастап Қарақия ауданы, Құрық ауылының тұрғындарына арналған «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады. Аталған жоба аясында «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» жобасын Құрық ауылы, №11 орта мектебі ұтып алып, нәтижесінде мектеп жанынан жасөспірімдер мен балаларға арналған спорттық оқу-жаттығу алаңы бой көтерді.

«Құрық ауылының №11 орта мектебі» «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» шағын жоба жеңімпазы атанып, 2020 жылдың ақпан айында өз жұмысын бастады. Карантин жағдайы жоба жұмыстарының уақытылы аяқталуына әсер етті. Дегенмен, қаржы бөлген мекеме тарапынан жобаның мерзімі ұзартылып, қосымша уақыт беріліп, жоба уақытында аяқталды. Енді оқушылар әртүрлі спорттық жаттығулармен шұғылданып, таңғы жаттығу жасап, бой сергіте алады», – деді ауыл әкімі Салихов Ғабит.

Жобаның мақсаты – жергілікті белсенді тұрғындарды қоғамдық инфақұрылымды жетілдіру үрдісіне жұмылдыру арқылы жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартудағы жауапкершіліктерін арттырып, әрбір тұрғынның өз ауылының дамуына, гүлденуіне жауапты екендігін және оған бірлестіріп күш салу арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын түсіндіру.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button