Жаңалық

«Аташ» деген қандай жер?

Түпқараған ауданы Баутин ауылына қарасты Аташ елді мекенінде жаңа жағажай қолдануға берілді.

Халықтық серуенге арналған қоғамдық орын жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ашылды. Тұрғындардың суға түсіп, демалуына арналған орында күннен қорғайтын 16 шатыр (грибок), 8 орындық (беседка) 4 киім ауыстыратын орын және  3 әткеншек орнатылды.

 

«Бұдан бөлек тағы 6 әткеншек балалар игілігіне берілмек.  Жаңа жағажайға таза құм төгілді. Сондай-ақ, қоқыс жәшігі, турник, көлік тұрағы, волейбол, футбол алаңдары бар. Алдағы уақытта жағажайды көгалдандырып, жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жоспарланып отыр», – деді Б. Қайып.

Басқа материалдар

Back to top button