Жаңалық

Президент Жолдауына ел жастары қолдау білдірді

2020 жылғы 5 қыркүйекте Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.Баймановтың қатысуымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Сакошев, облыстық, қалалық, аудандық жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері мен жастар қызметкерлері онлайн-форматта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылады.

Аталған іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін талқылау болып табылады.

 

Шымкент, Атырау қалалары, Қарағанды облысы Саран қаласы және Шығыс Қазақстан облысы жастар ресурстық орталықтарының басшылары сөз сөйлеп, Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі өз бастамаларымен бөлісті.

 

Сондай-ақ, іс-шара барысында жастар ресурстық орталықтары жұмысының сандық форматқа көшу мәселелері талқыланды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button