Жаңалық

Елорда әкімінің грантын кімдер иеленді

Елорда әкімдігі аз қамтылған отбасы балаларының білім алуына бір жарым есе көп грант бөлді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

Мамандық таңдау – әр оқушы өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Биыл әкімдіктен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге 861 грант бөлінді. Резидентурада дәрігерлерді оқытуға 300 – ге жуық, педагогикалық мамандықтарға – 485. Аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін бір жарым есе арттырдық. Гранттар ерекше қажеттілігі бар балаларға, жетім балаларға, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға бөлінді. Түлектер IT-технологиялар, стоматология, жалпы медицина, әлеуметтік жұмыс, инженер, электроника және энергетика, педагог, шет тілі, көлік қызметі және логистика, құқық, туризм және т. б. мамандықтар бойынша оқуға түсті.

Бұл көмек жоғары білім алу үшін айтарлықтай қолдау болады. Сонымен бірге мемлекет жыл сайын мыңдаған грант бөледі. Елбасының “Болашақ” бағдарламасы бойынша студенттер шетелдік білім ала алады. Күнделікті еңбектеніп, білім алу арқылы ғана табысқа қол жеткізуге болады. Барлық мамандықтар маңызды. Ең бастысы-еңбек ету. Президент халыққа Жолдауында білім беру саласын маңызды бағыттардың бірі деп айтты. Оқу үшін қолайлы жағдай жасау, түрлі қызметтер алу үшін қалада жыл сайын балабақшалар, мектептер, медициналық орталықтар және басқа да маңызды нысандар салынып жатыр. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашып жатырмыз. Мектеп түлектерін – қазіргі студенттерді – ересек өміріңіздің сәтті басталуымен құттықтаймын! Денсаулық, бақыт және табыс тілеймін!, – деп жазды Алтай Көлгінов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button