Жаңалық

Волонтерлер нешеге бөлінеді?

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі нышандарының бірі. Тіл ұлтпен ұлтты байланыстыратын, адамдардың қарым-қатынас құралы.

Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Елімізде жүргізіліп отырған салиқалы тіл саясаты толеранттық тілдік орта қалыптастырудағы маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Железин ауданы, Железинка ауылында «Тіл волонтері» клубының ашылуы өтті. Бұл Железин аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Ана тілі» орталығымен бірлесіп бастаған жобалары. «Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кинжикова ZOOM платформасы арқылы клубтың ашылуымен құттықтап, клуб жұмысының негізі бағыттарымен таныстырып өтті.

Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай ашылған клубтың мақсаты мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, тілді үйренуге қызығушылық танытқан адамдарға тілді үйрету. Бүгінгі күні оқыту онлайн форматта өткізілетін болады. Әдістемелік материалдармен «Ана тілі» орталығы қамтамасыз етеді, ал орталық директоры Шолпан Кинжикова оқытуды жүргізеді. Алдағы уақытта «Қамқор» және т.б. іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Қазақ тілі − тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Тіл − мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі.

Айта кететін жайт, Железин ауданында «Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілер жасақтары пандемия кезінде медициналық маска тігіп, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға азық-түлік жеткізуге өз үлестерін қосты.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button