Жаңалық

Домбырашылар мен әншілердің республикалық онлайн-байқауы жарияланды

КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалі аясында домбырашылар мен әншілердің республикалық онлайн-байқауының ережелері:

Байқаудың мақсаты:

· Патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамыту және жаңа технологиялардың көмегімен жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу, кәсіби дәстүрлі музыка әлеміне тарту;

· Республикалық балаларға және жастарға білім беретін мекемелері мен ұжымдарының өзара ара-қатынасын және тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, келешекте бірлескен шығармашылық жұмыстар жасауына ықпал ету;

· Жас музыканттардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ету, олардың шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыруға жәрдем беру;

· Еңбек нарығында болашақ музыканттар мен орындаушылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

· Жастарды композитордың шығармашылығына тарту, олардың шығармашылық белсенділігі мен рухани білім деңгейін дамыту, және ұлттық музыкалық мұраға деген ынтасын арттыру мақсатында өткізіледі

Өткізу форматы: ОНЛАЙН

Өткізу мерзімі:

· 1-15 қыркүйек аралығында байқаудың I турына өтініш қабылдау;

· 18 қыркүйек сағат 18:00 филармонияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында II турға өткен қатысушылар тізімі жарияланады;

· 19 – 25 қыркүйек байқаудың II турына материалдар қабылдау;

·  29 қыркүйек сағат 18:00 жеңімпаздар есімі жарияланады.

Байқау номинациялары:

· «Домбыра»

· «Вокал

Байқауды өткізу шарттары:

· Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы орта арнайы музыка мектептерінің, музыка мектептерінің, жоғары шығармашылық оқу орындарының оқушылары, сондай-ақ, музыкалық мәдени мекемелердің әртістері қатыса алады.

· Қатысушы даулы жағдайлар туындатқан жағдайда, байқаудың басқа қатысушыларына, қазылар алқасына немесе Ұйымдастыру комитетіне тіл тигізген жағдайда дисквалификациялануы мүмкін;

· Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге, байқауды өткізу регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

Байқау екі турда өтеді .

1 турға арналған конкурстық тапсырма бейне-форматта қабылданады.

Әр номинация бойынша талаптар қосымшада.

2 турға арналған конкурстық тапсырма бейне-форматта қабылданады.

Әр номинация бойынша талаптар қосымшада.

Бейнеге қойылатын техникалық талаптар:

· Байқауға анық, айқын түсірілген және сапалы дыбыста жазылған видео қабылданады;

· Киім үлгісі: концерттік-академиялық;

· Видео Google дискісіне жүктелу керек;

· Көрсетілген электронды жәшікке бір хаттың ішіне бейне сілтемесін және төмендегі үлгібойынша өтінім нысанын жіберу керек.

Байқаудың қатысушыларын марапаттау:

· Әр номинация бойынша I, II және III орын лауреаттары және ақшалай сыйақы қарастырылған;

· Ұйымдастыру комитеті «Тілендиевтер отбасынан» арнайы сыйлық әзірлейді;

· Әр номинацияның екі жеңімпазына филармония 2021 жылы «Отырар сазы» оркестрінің қатысуымен жеке концертін өткізеді;

· Байқау жеңімпаздары 4 қазан күні филармонияның Үлкен залында онлайн форматта өтетін Фестивальдің Гала-концертіне қатысады;

Байқаудың қазылар алқасы:

· Қазылар алқасының құрамын байқаудың Ұйымдастыру Комитеті қалыптастырады және бекітеді;

· Қазылар алқасы орындауды жабық дауыс беру арқылы бағалайды;

· Қазылар алқасы мүшелерінің хаттамалары, түсініктемелері және бағалау парақтары құпия ақпарат болып табылады, көрсетілмейді, жарияланбайды және берілмейді. Нәтижелері туралы ақпарат филармонияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланады;

· Байқаудың қорытындысына шағымдану қарастырылмайды. Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының шешімі мен көрермендердің дауыс беруі, сондай-ақ, қатысушыларға орын беру үшін жауап бермейді.

Н. Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалінің аясында өткізілетін онлайн-байқауға қатысуға өтінім жолдау үлгісі: 

Аты
Тегі
Туған жылы
Оқу орнының немесе ұйымның атауы
Номинация атауы
Байланыс телефондары
Электронды поштасы

Өтінімдерді жіберіңіз: online_fest_otyrar@mail.ru

Байланыс телефондары: +7 701 420 0707 Данияр Байжұманов

www.fil.kz

Инста значок ФБ значок Без названия telegram-many
kazakh.philhamonic Казахская государственная филармония им.Жамбыла Казахская государственная филармония им.Жамбыла Филармония им.Жамбыла

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button