Жаңалық

Торайғыров кесенесіне апаратын жол салынды

Орташа жөндеу жұмыстарымен «Монтажное управление № 7» ЖШС айналысқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

– Кесенеге кіреберіс ұзындығы 3,6 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа   бюджеттен 181 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұрын бұл жерде жай ғана дала жолы болатын. Яғни, көліктер шөптің үстімен, жан-жақтан жүре беретін. Сондықтан жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау және таудан аққан су жолды  шайып кетпес үшін құбырлар салынып, асфальт төселді.   Туристік кластерді дамытуға және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жөндеу жұмыстары төрт айдың ішінде  толығымен аяқталды, – дейді нақты экономикалық сектордың басшысы Бекен Жанахметов.

84e3a129-2551-4177-8681-e93682799fae.jpg

Бұдан басқа, «ГорДорСтрой» ЖШС Торайғыр ауылына кіреберіс  жолдың 16,6 шақырымын жөндеген.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  мәліметі бойынша, жазушы Әбіш Кекілбаевтың қолдауымен Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі  1993 жылы ақынның 100 жылдығына орай Маңғыстаудың ұлу тасынан көтерілген. 2007 жылы   «Сұлтанмахмұт» трилогиясының авторы Дихан Әбілевтің 100 жылдығы қарсаңында  темір қоршауы жасыл бояумен боялған.

0c3b0a6c-6534-4391-8f50-cbf1d03651c9.jpg

Қазіргі таңда кесененің алдыңғы  тастары мен мәрмәр тастары қопсып түсіп қалған. Сондай-ақ күмбездің мұнарасы  жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button