Жаңалық

«Aqkettik» қандай қосымша?

Бұл туралы Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының мінедетін атқарушы Сағым Жасұлан мәлім етті.

Аталған жобаны «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантты жас кәсіпкер Еділов Ырысқали жеңіп алды. Бүгінде Форт-Шевченко қаласының тұрғындарына қызмет көрсетіп бастады. Мобильдік қосымшаны осы уақытка дейін 3157 адам жүктеп алса, тамыз айынан бастап 4012 тапсырыс орындаған.

«10 жұмыс күні ішінде 1100 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жобаның болашақ жоспарында тек ауылішілік емес, сонымен қоса қалааралық бағыттағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру көзделген. «Aqkettik» мобильді такси қосымшасын Play Маркет (Плей Маркет) және App Store (АппСтор) интернет магазинінен жүктей аласыздар», – деді Ж. Сағым.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button