Жаңалық

Сайын Шапағатов деген кім?

Түпқарағанда қоғам қайраткері, саясаткер Сайын Шапағатовты еске алу кеші өтті.

Шараға аудан әкімі Айдос Хамиев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық сенім Кеңесінің мүшесі Жәнібек Қожық, «Парасат» қоғамдық ұйымының төрағасы Данияр Аралбаев, қоғам белсендісі Сегізбай Әнес, «Сайын Шапағатов» қорының директоры Қалима Баймағанбетова, ауыл ардагерлері, Сайын Нәдірұлының тумаластары мен үзеңгілес достары, замандастары, Сайын Шапағатов мектеп-гиназиясының ұстаздары мен оқушылары қатысты.

«Сайын Нәдірұлының халық үшін жасаған қаншама еңбегі кейінгі жас ұрпаққа үлгі, өнеге. Биыл біртуар азаматымыздың 80 жылдығын атаусыз қалдырмау және мектеп оқушыларына дарабоз тұлғаның еңбекке толы ғұмырын таныстыру мақсатында аудандағы мектеп-гимназияның ішінен Сайын Шапағатов мұражайын жасақтау жұмыстарын бастап та кеттік. Ағамыздың атымен аталатын осы ауылдың орталығындағы Сайын Нәдірұлының ескерткішін қайта жөндеуден өткізіп, көрнекі жерге орналастыру жоспары бар», – деді аудан әкімі Айдос Хамиев.

Кеш барысында замандастары, достары, тумаластары тарапынан Сайын Нәдірұлының өмірі, еңбек жолы туралы естеліктер айтылды. Әрі қарай мектеп ұжымы дайындаған бағдарламаға ұласты. Шара соңында кеш қонақтарына «Сайын Шапағатов» қоры атынан қонақасы берілді. Айта кетейік, биыл қоғам қайраткері Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың 80 жылдық мерейтойы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button