Жаңалық

Спорт кешендеріне не болған?

Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентінде спорт кешендері жөндеуден өтті.

Осылайша, ауданда спортшылардың салауатты өмір салтын ұстанып, алаңсыз спортпен шұғылдануына жағдай жасалды. Бұл туралы аудан әкімінің кеңесшісі Адайбек Қалиев мәлімдеді.

«Көп жылдардан бері жөндеу көрмеген, талай спортшыларды шығарған күрес залына биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген 44.240 млн теңгеге «Нұрлы жол Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын жүргізді. «Күрес залының толықтай шатыры ауысты. Залдың іші сырты сыланып, әрлеп сырланды. Ішіне линолеум жайылды. Бокс залына да сондай жөндеу жүргізілді. жуынатын бөлме дайындап, су келтірілді. Барлық жылу, су құбырлары ауыстырылды. Залдың сырты қоршаумен қоршалып, жаттығу құралдары қойылды дейді әкім кеңесшісі. «Мантеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл жұмыстарды 56.890 млн теңгеге жүргізді. Аталған жұмыстарға әр серіктестік 20 жұмыссыз азаматты жұмыспен қамтыды», – деді ол.

Сонымен қатар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысына 50 адам жұмысқа жұмылдырылды. Көлемі 7800 шаршы метр жерге бұрынғы ескірген газон орнын топырақпен биіктетіп, жаңадан газон төселіп жатыр.

«Стадион ішіне көрермендер үшін 600 орындық қойылып, жастардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін арнайы 2200 шаршы метр жерге жүгірме аппараты қойылады. Сонымен қатар стадион ішіне жарық бағаналары орнатылады. Қазіргі таңда үлкен және шағын футбол үшін қақпалар мен газонды тазалайтын көлік алынды. Стадион сырты қоршаумен қоршалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға қаралған қаржы толықтай игерілді. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалды», -деді А.Қалиев.

Маңғыстау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button