Жаңалық

Аризона мен Шымкентті не байланыстырады?

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі АҚШ-тың Аризона мемлекеттік университетінен арнайы өкілдер келді, деп хабарлайды Хабар24.

Тараптар қос дипломмен білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік, профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс-тәжірибеден өтуі сынды бірнеше ортақ жобаны талқыға салды.

«Алдағы уақытта Шымкентте университеттің өкілдігін ашу ойымызда бар»- дейді Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі Нью Ли Холман.

Меймандарға жоғары оқу орнының оқу базасы таныстырылды.

Университет ішіндегі «Мұхтартану» орталығы мен тарихтан сыр шертетін мұражайға бас сұққан қонақтар ондағы жәдігерлерге таңданысын жасырмады.

«Қазіргі таңда университет кәсіпкерлікке баулу дағдысына көшіп жатыр. Осыған байланысты біз университетте магистрант, доктаранттарды таза тілге оқытуға және кәсіпкерлікке баулу үшін ұзақ уақыттан бері осы Аризона университетімен екі жақты байланыста болғанбыз. Біз бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз. Бұл университет бізге қос дипломды, бағдарлама бойынша кәсіпкерлікті шынайы дамыту мақсатында университетте кампустар жатақхана салу мәселесінде көтеріп отыр»,-деді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова.

«Біз серіктес болғалы отырған университетке әуелі қос дипломды беру жобасын ұсынып отырмыз. Ғылымды бірлесіп дамыту бойынша да бағдарламамыз бар. Ортақ келісімге келсек, кампус, жатақхана саламыз деген жоспарымызды да айттық» – деді Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі Нью Ли Холмон.

KazInform

Басқа материалдар

Back to top button