Жаңалық

«JASTARǴA – KEŃES» республикалық жобасы жүзеге асырылады

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығымен бекітілген Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережеге сәйкес, ЖРО әрбір негізгі бағыт шеңберінде жастарға өзекті және қызықты мәселелер бойынша ақпарат беруді және консультациялық көмек көрсетуді жүзеге асырады.

1. Жобаның мақсаты – жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу.

2. Іске асыру мерзімі: 2020 жылғы тамыз айының екінші декадасынан бастап жыл бойы.

3. Жобаның географиясы: жобаға барлық облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары қатысады.

4. Қатысушылар: 14-28 жас аралығындағы жастар, қатысушылардың кемінде 30%-ы халықтың осал топтарынан (NEET-жастар, мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар және басқалар).

5. Онлайн іс-шараларды өткізу алгоритмі:

Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, ЖРО жастарды қызықтыратын барлық мәселелер бойынша онлайн кеңес беруге көшуі қажет:

1. Әлеуметтік желілерде жастардың жиі қойылатын сұрақтарын жинақтау (Instagram, facebook және басқалары). Қызықтыратын сұрақтарға жауап дайындау және оларды әлеуметтік желілерде, ЖРО интернет-ресурстарында жариялау («сұрақ – жауап» түрінде»).

2. Әлеуметтік желілерде алдын ала хабарлай отырып, аптасына кемінде 1 рет жастарды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша әлеуметтік желілерде (Instagram, facebook) тікелей эфирлер өткізу. Тікелей эфирдің ұзақтығы 1 сағаттан аспауы керек. Сондай-ақ, тікелей эфирді жазып алып, ЖРО-ның Youtube арнасында жариялауға болады.

3. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың сарапшыларын және/немесе әкімшілерін тарту («Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жас отбасы», «Жалға берілетін тұрғын үй», «Жасыл ел», «Жас кәсіпкер», «Серпін», «Дарын» және т.б.) жастармен онлайн режимде әңгімелесу түрінде өткізіледі.

4. Мемлекеттік бағдарламалар мен жастарды қолдау шаралары бойынша инфографикалар мен афишаларды әзірлеу және орналастыру.

5. Интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде ойын-сауық контентін және тақырыптық материалдарды орналастыру:

Карантин кезінде немен айналысуға болады? Өзін-өзі оқшаулау кезінде айналысуға болатын 5 іс:

СӨС. Үйде СӨС ұстану үшін бейне нұсқаулар мен аккаунттарға сілтемелер.

Даму. Ағылшын тілін/басқа тілдерді үйренуге арналған тегін онлайн курстар, дизайн және сурет курстары, SMM, аспаздық курстар.

Оқу. Үздік 100 кітаптың тізімі. #ҮйдеБіргеОқимыз#ÚıdeBirgeOqımyz#ЧитаемВместеДома челленджіне қатысу.

Фильмдер. Қазақстанның үздік фильмдері мен үздік 20 шетелдік фильмдердің тізімі.

Мәдениет. Қазақстан бойынша виртуалды 3D-турлар картасы, әлем мен Қазақстанның онлайн мұражайлары, онлайн концерттер.

6. Ақпараттандыру мен консультация беру келесі «CRAP» қағидаттарына сәйкес келуге тиіс:

1) C – Clear – анық: сапалы ақпарат мақсатты сипатта болуы, анық баяндалуы және нақты белгіленген көздермен бекітілуі тиіс.

2) R – Relevant – маңызды: алынған ақпараттың сапасы оған мұқтаж адамның қажеттіліктеріне жауап беруі керек. Егер ақпарат анық болса, бірақ белгілі бір адам үшін маңызды болмаса, онда ол пайдасыз, кейде зиянды болуы мүмкін.

3) A – Accurate – дәл: анық, айқын баяндалған және нақты адамның қажеттіктеріне жауап беретін, ақпарат дәл, өзекті және объективті болуы керек.

4) P – Pitched – қажетті: мәселе ақпараттың нақты жас адамға қаншалықты қажет екенінде, оның қажеттіктеріне жауап беріп, мүмкіндіктеріне сәйкес келеді ме?

7. Материалдарды әлеуметтік желілерде жариялау кезінде #JastarǵaKeńes бірыңғай хэштегін қолдану.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button