Жаңалық

Қазақ цирктерін не күтіп тұр?

Бүгін «Сақ» киностудиясы мен «Шымкент-Цирк» МКҚК арнайы меморандумға отырды.

Енді цирк туралы қызықты көркемсуретті телесериал түсірілетін болады. Сериалдағы барлық рөлді цирк әртістері мен қызметкерлері сомдайды. Қазіргі уақытта телесериалдың атауы және сценариі талқыланып жатыр.

 

Киноны түсірудегі басты мақсат- өнер саласының ең ауыр түрі, шынайы цирк өнерінің артықшылықтарын халыққа кеңінен насихаттау.

 

«Мамандар қызметкерлермен жеке-жеке сұхбаттасып, сценарий желісін жазатын болады. Барлығы дайын болған жағдайда, алдағы 10 күннің ішінде алғашқы бөлімдері түсіріле бастайды», – деді цирк басшысы.

 

Цирк директорының рөлін Арман Махмутұлының өзі сомдайтын болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button