Жаңалық

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының мерекелік концерті онлайн көрсетіледі

20 қыркүйекте You tube желісіндегі «Алатау» дәстүрлі өнер театры арнасынан тамашалай алады

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының қала күні қарсаңында ұйымдастырған мерекелік концерті онлайн форматта көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Этно-фольклорлық ансамбль өнері,  дәстүрлі әншілер шырқаған ән, мың бұралған бишілер мен шаһарға деген махаббатын жеткізген өнер иелерінің поэзиясы бүгін таспаланды. Ал көзіқарақты көрермен бұл мерекелік іс-шараны 20 қыркүйекте You tube желісіндегі «Алатау» дәстүрлі өнер театры  арнасынан тамашалай алады.

«Осы келген індетке қарамай, біз осы айтулы даталарға онлайн форматта қызмет көрсетіп жатырмыз. Соның бірі – сүйікті қаламыздың қала күні мерекесі. Оған біз үлкен концерттік бағдарлама дайындадық. Үлкен айтулы тұлғаларды қонаққа шақырып, бүкіл алматылықтарға, қазақстандықтарға осы онлайн форматта осы құттықтауымызды жолдаймыз!» – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Дәлел Уашев.

Театрдың дәстүрлі әншісі Айсәуле Қайырғазина көрерменсіз ән шырқаған қиын деп ағынан жарылды. Ал әзірге онлайн форматта болса да, өнер көрсетіп, көрерменді рухтандырғысы келетінін жеткізді.

«Енді көрерменсіз өнер көрсеткен, әрине, әрбір әртіске қиынду. Себебі сахнадағы көрермендердің біздерге деген ықыласы ерекше сезіліп тұрады. Әзірше осылай көрерменсіз болса да, онлайн көрсетілім арқылы біз көрермендерге өзіміздің рухани құндылығымызды, рухани байлығымызды көрсетіп, оларды рухтандырғымыз келеді», – деді дәстүрл әнші Айсәуле Қайырғазина.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button