Жаңалық

Коворкинг деген не?

Мұнайлыда жастар орталығының ішінен «коворкинг» бөлмесі ашылды. Бұл туралы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Руслан Қонысов мәлім етті.

«Жастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Коворкинг» бөлмесі ашылып, компьютер, жиһаз, тоңазытқыш секілді техникалармен жабдықталды.

Қазіргі таңда аудандағы жастар өзіне қолайлы қызметтерді орталықта алып, бос уақытын жастар үйінде өткізуге мүмкіндігі бар. Жастар орталығы аудандық және облыс деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын асыруда 100% қызмет етуге қауқарлы» , – деді Руслан Қонысов.

Мұнайлыда 14-29 жас аралығында 41 549 жас бар. Оның ішінде студеттер саны – 3625, жұмыс істейтін жастар саны – 23248, жұмыссыз жастар – 886, кәсіпкерлер – 1360, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар – 1268.Сондай-ақ, 30 волонтер бар. Жыл басынан бері жастарға патриоттық тәрбие беру, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша 30-ға жуық онлайн шара өтті.

Басқа материалдар

Back to top button