Жаңалық

Көшет отырғызу науқанының артында не тұр?

Осы жылы қала аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшетін егу жоспарланған.

Көктем айларында 71 253 дана ағаш көшеті отырғызылған. Ал күз мезгілінде 703 646 дана көшет сенбіліктер аясында егіледі.

 

Сонымен қатар, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 8 ай көлемінде 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүл орындары мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон орындары жасалған. Сондай-ақ, 159 700 дана лигуструм егілген.

 

Қаладағы мұндай жасыл желектер отырғызу және күтіп ұстау жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» мердігер компаниясы атқаруда.

 

Одан өзге, орталық 131 көшеге және Бадам өзені жағалауы, Мәделі көшесі, Темірлан тас жолы бойындағы гүлзарларда 66,2 гектар газон орындарына, 290 мың данадан аса ағаш көшетіне күтіп ұстау жұмыстары жүргізілген.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button